Басты бет

Медицина ғылымының және техниканың осы заманғы жетістіктерін, емдеудің жиналған тәжірибесін қолдана, ауруды анықтау мен емдеу арқылы адамның дене саулығын қалпына келтіруге және азап шегун жеңілдетуге себептесу.

 Қазақстанда соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау науқаны жүргізіледі

15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына еркін тіркелу науқаны басталды. Бұл науқан қараша айының ортасына дейін жалғаспақ.

2022 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 626 медициналық ұйым Қормен шарт жасасты. Оның 326-сі (53%) мемлекеттік мекеме және 258-і (47%) жекеменшік. Олардың тізімін Қордың fms.kz сайтында, «Клиниканы таңдау» бөлімінен көруге болады. Пациент алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсететін мемлекеттік, сонымен қатар жекеменшік ұйымға тiркеле алады. Алдын ала сiз таңдаған клиникада бос учаскелер бар-жоғын нақтылап алғаныңыз абзал.

Тіркеу науқаны не үшін қажет?

Аталмыш акция елімізде жыл сайын өткізіледі. Науқан кезінде қазақстандықтар өздері тіркеуде тұрған емхананың жұмысына қанағаттанбаса, басқа емханаға ауыса алады немесе өз емханасы ішінде басқа учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндігі бар.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелген пациент учаскелік дәрігердің қабылдауы, өзінің денсаулық жағдайын бақылау, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, скринингтік тексерулер, диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер сынды медициналық көмек пен емдеуге жатқызуға жолдама алады.

Медициналық көмексіз қалмауы үшін ел азаматтары тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталындағы жеке деректерде (ЭЦҚ арқылы авторизациялау) тіркелу мәртебесін тексеру қажет.

Айта кетерлігі, тіркеу науқаны пациентке 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсететін клиниканы таңдауына мүмкіндік береді.

Емхананы таңдау кезінде нені ескеру қажет?

Емхана таңдауда басты ескеретін жайт – ол үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Бірінші әдіс, бұл барлық азаматарға арналған. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы бекіту: www.egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Ары қарай электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда медициналық ұйымға тіркелгеніңіз туралы хабарлама беріледі.

Екінші әдіс бұл, халықтың жекелеген санаттарына арналған.
Олар емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгіне алады. Атап айтар болсақ, олар зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер, колонияда жазасын өтеушілер, студенттер, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша бекітуді рәсімдейтіндер.

Тіркелу науқанына әркім қатысуы керек пе?

Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұрын өзі қаралған алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымында тіркелген күйі қалады.

Егер медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз оларды өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ыңғайлы байланыс арналары арқылы жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Сақтандыру мәртебесін тексеру және жүргізілген төлемдер туралы egov.kz ҚР электрондық үкіметі сайтының "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Қызылжар АА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

Дәрiгерлердiң жұмыс кестесi

Учаскелік терапевт және педиатр дәрігерлерінің жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 08:00 бастап 20:00 дейін (қоса), сенбі сағат 09:00 бастап 14:00 дейін (қоса).

Акушер-гинекологтардың жұмыс кестесі

Аты-жөні Участке Апта күндері     
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
209 Черная Айнур Дастановна Жүкті әйелдерді қабылдау 08:30-16:00 08:30-16:00 08:30-16:00 08:30-16:00 08:30-16:00 -
214 Коштаева Гульзира Амановна Аурулар және проф. байқаулар бойынша барлық әйелдерді қабылдау 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 -

Арнайы мамандардың жұмыс кестесі

Аты-жөні Лауазымы Апта күндері
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
204 Тлемусов Ансар Батырханович Хирург 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 -
204 Суворов Вадим Павлович Хирург 12:30-16:30 12:30-16:30 12:30-16:30 12:30-16:30 12:30-16:30 -
204 Алиев Абиджан Адилович Травматолог Жеке кесте бойынша
205 Рахимова Ажире Наримановна Стоматолог-терапевт 08:00-17:00 08:00-17:00 08:00-17:00 08:00-17:00 08:00-17:00 -
206 Рахимов Нурлан Магжанович Стоматолог-хирург 08:00-17:00 08:00-17:00 08:00-17:00 08:00-17:00 08:00-17:00 -
213 Емельянова Ирина Анатольевна Дерматовенеролог Жеке кесте бойынша
213 Байкабеков Ахат Амантаевич Психиатр 16:00-18:00 - - 16:00-18:00 - -
104 Туманина Наталья Валерьевна Фтизиатр 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 -
212 Чипошина Татьяна Александровна Эндокринолог - - - - - 08:00-17:00
216А Жармагамбетова Гульмира Жаиковна Бала фтизиатр дәрігері 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 -
312 Ризаев Рафаэль Физулиевич Онколог-маммолог 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 08:00-16:30 -
307 Нургалиева Нурлыгуль Жамбыловна Невропатолог 08:00-12:00 08:00-11:45 08:00-11:45 08:00-11:45 08:00-11:45 -
310 Аксенов Вадим Викторович Оториноларинголог Жеке кесте бойынша
310 Булекбаев Абзал Балгабаевич Бала оториноларинголог дәрігері - - - 17:00-20:00 - 12:00-15:00
Стационардың корпусы Есенеева Дина Александровна Кардиолог - - - - - 09:00-13:00
Стационардың корпусы Ахкомова Елена Леонидовна Физиотерапевт 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 08:00-15:30 -

Ескерту:

  1. Маманның еңбек демалысы мерзiмiнде, еңбек ақысы сақталмайтын демалысы және сырқаттану уақытында және т.б. емделушiнi қабылдау кестесiне өзгертулер енгiзiлуi мүмкiн;
  2. Сағат 13:00-ден 14:00-ге дейiн түскi үзiлiс уақыты;
  3. Барлық мамандардың қабылдауына алдын ала жазылу тiркеу орны арқылы жүзеге асырылады.

Емделушілерді қолдау және ішкі аудит қызметі жұмыс істейді.

Сенім телефондары:

Ұялы 8-777-553-18-12, жұмыс: 8-715-38-2-17-18

Ұялы: 8-777-553-14-12, жұмыс: 8-715-38-2-25-78

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасы Zip (471 Kb)

Жаңалықтар

Пациенттер талдаулар мен жолдамаларды қағаз нұсқада шығаруға міндетті ме
10.03.2023

Пациенттер талдаулар мен жолдамаларды қағаз нұсқада шығаруға міндетті ме

Сіз ота жасатуға дайындалып және барлық тексерулерден өтіп жүрсіз, ал емханада бұл қызметтерді алу үшін жақын арада жазылуға мүмкіндік жоқ, сол себепті сізді ақылы тексерулерге жіб

2022 жылы пациенттер медициналық сақтандыру қорына қандай шағымдармен жүгінді
10.03.2023

2022 жылы пациенттер медициналық сақтандыру қорына қандай шағымдармен жүгінді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында өткен жылы Қорға жүгінген азаматтардың өтініш-шағымдары бойынша қорытынды жасады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін Бірыңғай а

Дәрі–дәрмекпен қамтамасыз ету
05.01.2023

Дәрі–дәрмекпен қамтамасыз ету

Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады. Тегін дәрі–дәрмектер ті

2022 жылдың 9 айында балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді
25.11.2022

2022 жылдың 9 айында балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығы профилактикасына және оларды емдеуге көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік берді. Бір бала үшін жұмсалатын денсаулық сақтау жүйесінің шығындары

Тіркеу науқанының бірінші айында 60 мыңнан астам қазақстандық емханаға алғаш рет тіркелді
15.11.2022

Тіркеу науқанының бірінші айында 60 мыңнан астам қазақстандық емханаға алғаш рет тіркелді

Жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізілетін тіркеу науқаны шеңберінде қазақстандықтар қызмет көрсету емханасын ауыстыра алады. Осы жылы 700-ге жуық медициналық-сан

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы