«Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 1 маусымнан бастап кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Талданатын кезең 2024 жылдың маусымынан 2025 жылдың маусымына дейін.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді kyzylzhar_rb@sqo.gov.kz - электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8(71538) 2 11 53 телефоны бойынша хабарласу қажет.
Хабарландыру
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) кәсіпорынның ұйымдық – басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын кезең – 2024-2025 жылдар.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды 2025 жылғы 15 шілдеде сағат 11.00-де 150700. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Пирогов көшесі, 19 мекенжайы бойынша өтетін талқылауға қатысуын сұраймыз.
аудандық емхана ғимараты, акт залы.
Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер мына телефондар бойынша хабарласа алады:
Тел. 87153821153
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 10 маусымнан бастап басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Талданатын кезең 2023 жылғы сәуір айыннан бастап 2024 жылғы сәуір айына дейін.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 7 тамызға дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді
kyzylzhar_rb@sqo.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8(71538) 2 18 85 телефоны бойынша хабарласу қажет.
2023 жылғы 8 айдағы қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (ZIP 1547 Kb)