Осымен 2021 жылғы 1 сәуірде МӘМС мәртебесін беру және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді алу үшін Қордың ақпараттық жүйесіне МӘМС төлемдерді төлеуден босатылған ШОБ ұйымдарының қызметкерлері деректерін енгізу мерзімі аяқталатынын хабарлаймыз. Жұмыс берушілер қызметкерлердің деректерін (қызметкерлердің т.а. ә., ЖСН) ақпараттық жүйеге енгізбеген жағдайда, мәртебесінің болмауына байланысты МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер оларға қолжетімсіз болады (өз қызметкерлерінің тізімдерін енгізбеген ШОБ тізіміне сілтеме).
Ақпарат үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулысымен «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Қаулының 1-тармағына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды төлеуден (өзі үшін төлейтін дара кәсіпкерлерді қоспағанда) жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілерін төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын міндеттемелер бойынша босату көзделеді, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есепке жазу) жөніндегі міндеттемелер бойынша (дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда) – 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізіледі.
Көрсетілген норманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ–қа (бұдан әрі-Қор) ұйымның БСН/ЖСН көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің тізімдерін ұсынады.
Микро, шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс берушілері және жеке практикамен айналысатын тұлғалар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей (соңғы мерзімі-2021 жылғы 1 сәуір) жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) көрсете отырып, төлеуден босатылуға жататын жұмыскерлердің тізімдерін msb.fms.kz сайтындағы Қордың «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі»
Қараулар: 1700