«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (әрі қарай — кәсіпорын) Байқау кеңесі мүшелерін сайлау үшін конкурс жариялайды. Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызмет атқарады. Кәсіпорынның мекенжайы: СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл аулы, Пирогов көшесі, 19 үй, тел: 8(71538) 2-18-85.
Кандидаттарға қойылатын талапқа жоғары білімінің болуы және төменде аталған талаптардың бірі болуы тиіс:
- денсаулақ сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында 5 жылдан кем емес еңбек тәжірибесінің болуы;
- басқару лауазымында денсаулақ сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында 3 жылдан кем емес еңбек тәжірибесінің болуы;
- денсаулақ сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болу.
Кандидат осы хабарландыру жарияланған күннен бастап, 30 күннің ішінде, мына мекенжай бойынша: Петропавл қ., театральная қ., 56А, 23 кабинетке темендегі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- конкурсқа қатысу туралы өтінім;
- мемлекеттік тілде және орыс тілінде түйіндеме;
- ерікті түрде жазылған өмірбаян;
- кандидаттың жеке басын растайтын жеке куәлігінің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистикасы және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сотталу мен сабайласқан құқық бұзұшылықтыр жоқтығын растайтын құжаттар.
- Конкурсқа қатысушы өз біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты (біліктілігін жоғарылату туралы, білім дәрежесі мен атағын иелену туралы косымша ақпараттарды, ғылыми шығарылымдар, бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтан ұсыныстарды ұсына алады).
Кандидат конкурстық өтінімді хатқалтаға салып «Түпнұсқа» деп белгелеп, мөрмен басады. Осы хатқалтада кандидаттың аты-жөні, әкесінің аты және мекенжайы жазылуы тиіс. Осыдан кейін хатқалта сыртқы хатқалтаға салынып, мөрленеді. Ішкі және сыртқы хатқалталар:
- Тиісті саладағы тиісті өкілетті органға Петропавл қ., Театральная қ., 56А, 23 кабинет мекенжайына жіберлуі тиіс;
- «Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы – мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің мүшелері» және «2019 жылғы 20 мамыр сағат 15:00-іне деін Ашпаңыз» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілінде бір данада жіберледі. Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс 2019 жылы 3 маусым сағат 15:00-де темендегі мекенжайда өткізіледі:
Петропавл қ., Театральная қ., 56 А, 18 кабинет. Анықтама телефоны:46-94-91.
Қараулар: 3177