Қызылжар аудандық ауруханасы коронавирус инфекциясына қарсы екпе салуға ықылас білдіргендердің тізімін жасап жатыр.
Осы вакцинаны салу үшін теріс көрсеткіштер:
- Балалар (18 жасқа дейінгі)
- Жүктілік және емшек сүтімен қоректендіру мерзімі
- Аллергиялық реакциялар (ауыр түрлері)
Уақытша теріс көрсеткіштер:
- жіті инфекциялық ауру мерзімі (сауыққан сәттен бастап 7 тәуліктен кейін вакцина салуға болады)
- созылмалы аурудың жітілену мерзімі (ремиссия мерзімінде вакцина салуға болады)
- ПЦР талдаудың оң нәтижесімен коронавирус жұқпасымен ауыру (6 ай өткеннен кейін вакцина салуға болады)
Вакциналану үшін жазылуды ауданның алғашқы медициналық-санитариялық көмектің мамандары жүргізеді (медициналық пункті, фельдшерлік-акушерлік пункті, дәрігерлік амбулатория, аудандық аурухана)
Вакциналау интервалы 21 күн 2 кезеңде өтеді.
ВАКЦИНАЛАУ — БЕЛСЕНДІ ИММУНОПРОФИЛАКТИКА
06.04.2021
Қараулар: 1751
Қараулар: 1751