2021 жылдың басынан бастап күндізгі және тәуліктік стационарларда 437 мыңнан астам пациент оңалту емінен өтті. Амбулаториялық деңгейде 1,5 млн-ға жуық оңалту қызметі көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесінің арқасында биыл оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге – 55,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 4 ай ішінде Қор 14 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін төледі.
Медициналық оңалтудың маңыздылығы зор екендігін атап өткен жөн. Жарақат пен созылмалы аурулардан кейін адам әдеттегі ырғағына және өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Кейде адамдар қымбат және қол жетімсіз деп қате ойлайды, емдеудің осы кезеңдерін елемейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық оңалту кімге көрсетілгені және оны МӘМС жүйесінде қалай тегін өту керектігі туралы айтылды.
Медициналық оңалту кімге тиесілі?
Науқас бірнеше жағдайда медициналық оңалтуды ала алады:
- негізгі немесе созылмалы ауруды емдеуде;
- қатты ауырсынудан кейін;
- хирургиялық араласулардан кейін;
- жарақаттан кейін;
- адамның өмірлік белсенділігін шектейтін жағдайларда.
Медициналық оңалту қай кезде тегін көрсетіледі?
Қалпына келтіру шараларын ақысыз негізде өтуге болады:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде – негізгі ауруды, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) – аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес (https://mkb-10.com/).
Алғаш рет оңалтудан өту үшін қайда жүгіну керек?
1. Медициналық көмектің кез келген түрін алу сияқты, оңалту қызметтерінен өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға учаскелік дәрігерге жүгіну қажет.
2. Емдеуші дәрігер дәрігер-реабилитологқа немесе мамандардың мультидисциплинарлық тобына консультацияға жібереді.
3. Олар жүгінушінің жағдайын зерттейді, аурудың барысын ескере отырып, жоспарланған оңалтудың қажеттілігі мен тиімділігін бағалайды, алғашқы оңалту диагнозын қалыптастырады, қалпына келтіру жоспарын, курстың ұзақтығын және т.б. анықтайды. Мұның барлығы аурулардың халықаралық жіктелуі (МКБ10) тізімі негізінде жүргізіледі.
4. Оңалту курсын амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде және санаторий-курорттық ұйымдарда өту үшін оның әлеуетті тиімділігі кезінде тағайындау. Бұл ретте пациент жоспарлы тәртіппен «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы стационарға ресімделеді.
Медициналық оңалтуға қарсы көрсеткіштер болып табылады:
- ағыл-тегіл қан кету;
- фебрильді немесе субфебрильді температура;
- өткір жұқпалы аурулар;
- жедел остеомиелит;
- терең тамыр тромбозы бар;
- жүрек жеткіліксіздігін емдеу;
- ұстама кезеңіндегі эпилепсия;
- сыртартқысында қатерлі ісіктердің, туберкулездің, қант диабетінің, тиреотоксикоздың, бауырдың, ұйқы безінің III дәрежелі функционалдық жеткіліксіздігінің, жеке басының десоциализациясы бар психикалық аурулардың, эмоциялар мен мінез-құлықтың бұзылуымен, іріңді және жұқпалы тері ауруларының, 2-3 дәрежелі анемияның, 3 дәрежелі дистрофияның болуы.
Жоғарыда аталғандардың бір немесе бірнеше белгілерінің болуы оңалтудан бас тартудың себептері болып табылады.
Пациентті оңалту өз бастамасы бойынша немесе дәрігердің ұсынысы бойынша тоқтатылуы мүмкін, мысалы, егер науқастың жағдайы нашарласа немесе оның негізгі немесе қатар жүретін ауруының асқынуы болса.
Медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады:
Біріншісі аурудың жіті және жітілеу кезеңдерінде жүрген науқастар үшін, хирургиялық операциялардан өткен, жарақат алған адамдар үшін қарастырылған. Ол стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі.
Егер пациент емдеуге жатқызуды қажет етпесе, медициналық көмек көрсетілгеннен және негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін оны оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жібереді.
Оңалтудың екінші кезеңі мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, мамандандырылған оңалту орталықтарының, көп бейінді стационарлардың базасында өтеді. Оны аурудың басталуынан бастап тоғыз ай ішінде жүргізу ұсынылады. Курстың ұзақтығы және оның жиілігі нозологияға, науқастың жағдайының ауырлығына және басқа факторларға байланысты.
Үшінші кезеңді медициналық оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, сондай-ақ қашықтықтан жүргізіледі. Оң динамика байқалғанда курстың жиілігі мен ұзақтығы қайта қарастырылады, сонымен бірге әр жағдай бойынша жеке анықталады.
Короновирустан кейін оңалтудан өтуге бола ма?
Коронавирустық инфекциямен және ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр пневмониямен ауырып жазылған қазақстандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен үйде немесе ауруханада емделгеніне қарамастан оңалтудан өте алады. Медициналық оңалтуға жолдама аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша реабилитологтың қатысуымен беріледі.
Көрсеткіштерді бағалаудың негізгі критерийлері: тыныс алу функциялары (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілік (Бартел индексі).
Оңалту қызметтерін кім көрсетеді?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Егер 2019 жылы бұл қызметті 64 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 559-ға жетті.
Ал 2021 жылы еліміз бойынша 613 ұйым медициналық оңалтуды қызметтерін көресететін жеткізушілер болып табылады, оның ішінде емханалар, ауруханалар, жеке медициналық орталықтар, оңалту және спорттық-оңалту кешендері, оңалту-санаториялық кешендер, медициналық-әлеуметтік мекемелер, қоғамдық қорлар, емдеу-сауықтыру кешендері. Бұл ретте 10 өңірде шоғырланған 16 санаторий медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді. Ең көп жеткізушілер - Қарағанды (4), Жамбыл (3) және Алматы (2) облыстарындағы санаторийлер.
Қандай да бір қызметтер бойынша қор жеткізушілерінің тізбесін Қордың fms.kz ресми сайтындағы «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау» бөлімінде көруге болады».
МӘМС-те медициналық оңалтуды қаржыландыру
2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге – 55,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қор 14,1 млрд теңге сомаға науқастарды емдеді. Бұл ретте амбулаториялық жағдайда 1,5 млн–ға жуық медициналық оңалту қызметі, тәулік бойғы стационарларда - 250,5 мыңнан астам қызмет және стационарды алмастыратын жағдайларда – 186,9 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
Өңірлер бөлінісінде медициналық оңалту қызметтерінің басым бөлігі ШҚО, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында көрсетілген.
Егер сіздің ойыңызша орынсыз оңалту қызметтерінен бас тарту жағдайларына тап болсаңыз, онда жағдайды анықтау үшін деректерді Қорға 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе fms.kz сайты арқылы хабарласуыңыз қажет.
"ӘМСҚ" КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі»
Қараулар: 2087