ОҚК топиктер 1 тоқсан

1 топик

2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге бағытталады - ӘМСҚ басшысы

2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде ТМККК – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,46 трлн теңге сомасына 1 363 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалды. Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін тартылатын жеке меншік жеткізушілердің өсу үрдісі сақталуда. Егер өткен жылы Қормен 635 жеке жеткізуші жұмыс істесе, биыл олардың саны 688 дейін өсті», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Өңірлік бөліністе жеке меншік жеткізушілердің ең жоғары үлесі Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында: тиісінше 72%, 66% және 55%. Қостанай (30%), Ақмола (30%) облыстарында және БҚО (22%) төмен көрсеткіштер.

2021 жылы Қор амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмекті, ауылдық денсаулық сақтауды, қашықтықтан көрсетілетін медициналық көмекті, профилактикалық тексерулерді, мейірбикелік көмекті және патронаждық қызметті қаржыландыруды ұлғайтады.

Осылайша, қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша ұлғайтылды: МСАК 17%; стационарды алмастыратын көмек 42%; ауыл халқына медициналық көмек 30%; паллиативтік көмек 96%; АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек 36%; онкогематология 26%.

«Қордың қомақты қаражатын балалар денсаулығын сақтауды қаржыландыруға жұмсайды. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту - ЭКО және «Қамқорлық» квоталарын ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламаларын іске асыру. Сонымен қатар, антенаталды бақылауды жүргізуге 29,7 млрд тенге қосымша бөлінген, 0-5 жас аралығындағы балаларды профилактикалық тексеруді жүргізуге – 12 млрд теңге, сондай - ақ мектеп медицинасын дамытуға - 22,5 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін өткен жылы 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, биылғы жылы барлық ауыл тұрғындарына 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, диагностикадан өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, вакцинация жасауға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға және медициналық көмектің бірқатар басқа да түрлерін алуға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн.теңгеге 120 мың медициналық қызмет көрсетілді.

Болат Төкежановтың айтуынша, мақсатты топтағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы амбулаториялық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 152,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 122,3 млрд теңге, МӘМС-30,1 млрд теңге. Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы кідірістерге жол бермеу үшін алдын ала аванстық төлемдер түрінде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражат бағыттайтыны туралы айта кеткен жөн.

2 топик

МӘМС жүйесінде 15,9 миллион қазақстандық сақтандырылған - Болат Төкежанов

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4% медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады, бұл 15,9 млн адам. МӘМС жүйесінен 2,9 млн қазақстандық тыс қалғаны туралы ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

«Сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер болып табылады. Яғни олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынды, бірақ олар тұрақты емес, соның салдарынан берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ. Төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды. Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді: жыл басында олар бір жарым есе көп болды – 1 428 мың адам, - деді Б.Төкежанов.

Қор басшысы ШОБ қызметкерлерінің тізімін өзектендіру мәселелері қалып отырғанын атап өтті. Өткен жылы пандемия кезінде қолдау көрсету үшін Үкіметтің шешімі бойынша шағын және орта бизнес субъектілері міндетті төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған болатын. МӘМС жүйесінде өз қызметкерлерін сәйкестендіру үшін ШОБ ұйымдары сақтандыру мәртебесін қамтамасыз ету үшін оларды дерекқорға енгізу қажет болды.

«Қазіргі уақытта жарналарды төлеуден босатылған жұмыс берушілердің шамамен 20%-ы (61 233 ШОБ) өз қызметкерлерінің тізімін өзектендірген жоқ. Осыған байланысты аталған қызметкерлерде сақтандырылу мәртебесі жоқ және медициналық көмек алуда шектеулі. Жұмыс берушілерді өз қызметкерлері үшін жауапкершілік танытуға және Қордың ақпараттық жүйесіне олардың деректерін енгізуге шақырғым келеді. Қор өз тарапынан шағын және орта бизнес өкілдерімен өңірлер әкімдіктері мен салық органдары арқылы нақты жұмысты жалғастырады», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Сондай – ақ, спикер МӘМС жарналары мен аударымдары түрінде 1 тоқсанда 183 млрд теңге түскенін хабарлады. Түсімдердің ең көп сомасын мемлекеттің жеңілдік берушілер үшін жарналары – 95,4 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 52% құрады. Осылайша, мемлекет бұрынғысынша халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін сақтайды. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомада 44,4 млрд теңге (24%), қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңге (19%) құрады. Жеке кәсіпкерлер, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілер жарналарының үлесі 5% құрады.

Қор басшысы МӘМС жүйесіне төленетін төлемдердің ең аз сомасы 12 айда 25 500 теңгені (айына 2125 теңге) құрайтынын еске салып өтті, бұл сақтандырылған адамға құны бірнеше миллион теңге тұратын қымбат тексерулер, операциялар, ЭКО қоса алғанда, ТМККК және МӘМС екі пакетіндегі медициналық көмектің ауқымды тізбесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні нақты айтылды.

3 топик

ӘМСҚ басшысы: 2021 жылдың басынан бастап ауыл тұрғындары медициналық жылжымалы кешендерде 120 мың қызмет алды

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында халыққа көрсетілген қызметтердің көлемі туралы ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

Оның айтуынша, биыл емханалар деңгейінде консультативтік-диагностикалық көмек көлемі артты. Қаржыландырудың өсуінің арқасында бұл қызметтердің саны 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 20% өсті. 37,7 млрд теңге сомасына 22,4 млн кеңес және диагностикалық зерттеулер көрсетілді. Бұл 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 3,4 млн қызметке артық.

Өсім зертханалық диагностика қызметтері есебінен байқалады - қосымша 800 мыңға жуық зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, функционалдық, ультрадыбыстық және рентген-диагностиканың жарты миллионнан астам зерттеулері жүргізілді. Айта кету керек, бұл қызметтерге ақы төлеуді Қор 80% жағдайда МӘМС қаражаты есебінен жүргізеді. Ең алдымен, бұл жоғары дәлдіктегі диагнозға қатысты - КТ және МРТ.

Бұдан басқа, 2021 жылдың 1 тоқсанында 8,3 млрд теңге сомаға 7 млн жуық скрининг қызметі жүргізілді (2019 жылы – 2,9 млрд теңге сомаға 3,6 млн).

«Осы жылдың 1 тоқсанында жоғары технологиялық қызметтерді қолданумен жасалатын хирургиялық операциялар санының 25% өскені байқалады. Қаржыландыру көлемі өткен жылы 7,3 млрд теңгеден биыл 9,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қаңтар-наурыз аралығында 1602 операция жасалды», - деп атап өтті Төкежанов.

Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін өткен жылы 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, биылғы жылы барлық ауыл тұрғындарына 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, диагностикадан өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, вакцинация жасауға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға және медициналық көмектің бірқатар басқа да түрлерін алуға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн.теңгеге 120 мың медициналық қызмет көрсетілді.

Басқарма Төрағасы сондай-ақ Қордың медициналық оңалтуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде дамытуды жалғастыратынын хабарлады. Осылайша, Қазақстанда оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың саны екі жылда 10 өсіп, 610 клиникаға дейін ұлғайды. Осылайша, 1 тоқсанда 8 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтері көрсетілді, оның ішінде күндізгі стационарларда - 1332 пациент, тәулік бойғы стационарларда – 43 217 пациент қажетті көмекке қол жеткізді. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 2,7 млрд теңге сомасына 2,8 млн қызмет көрсетілді.

Б.Төкежанов коронавирустық инфекция постковидті асқынулармен ауырғандар үшін қауіпті екенін атап өтті. Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидпен ауырғаннан кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды, бұл қауіпті созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкіндік береді, оларды емдеу денсаулық сақтау бюджетінен қомақты қаржылық шығындарды талап етуі мүмкін.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тұрғысынан Қор басшысы биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер санының 1,5 есеге өскенін хабарлады. Егер 2020 жылдың 1 тоқсанында 74 мың пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, биыл олардың саны 190 мың адамға дейін өсті.

«Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биылғы жылы біз осы мәселені шешудегі ілгерілеушілікті атап өтеміз және алдағы уақытта да бұл мәселеге мониторинг жүргізетін боламыз, өйткені қор СҚ-Фармация және медициналық ұйымдар алдындағы пациенттерді дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін орындайды», - деп толықтырды Төкежанов.

4 топик

Қор 2021 жылдың 1 тоқсанында пандемиямен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады – Болат Төкежанов

Қазақстандықтар коронавирустық инфекция және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Қор коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды қаржыландыруға 71,6 млрд теңге бағыттады, деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

1-тоқсанда коронавирустық инфекциямен күрес аясында іс-шараларды қаржыландыру 71,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде:

  • медицина қызметкерлеріне үстемеақылар – 42,4 млрд теңге;
  • медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге - 15,6 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларға 95 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді;
  • ПТР диагностика қызметіне – 10,3 млрд теңге, 1,3 млн ПТР-тест өткізілді;
  • мобильді бригадалардың шығуына – 3,0 млрд теңге, 526,9 мың шығу жүргізілді;
  • үйдегі стационарлар қызметіне – 33,3 млн теңге, 1057 пациент үйде емделді.

«Қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен инфекцияның таралуының алдын алу үшін өте маңызды болып табылатын ПТР-зерттеулерге қолжетімділік қаншалықты артқанын атап өткім келеді. Егер өткен жылы шамамен 1,9 млн ПТР-тест жүргізілсе, биылғы жылдың алғашқы үш айында КВИ вирусын анықтауға 1,3 млн зерттеу қаржыландырылды. Мобильді бригадалардың шығуларына келетін болсақ, біз де айтарлықтай өсу динамикасын көріп отырмыз. Өткен жылы Қор 550 мың мобильді бригаданың шығуын қаржыландырды, биыл тек бірінші тоқсанда коронавирус белгілері бар пациенттерге жарты миллионнан астам шығу жүзеге асырылды», - деді Б.Төкежанов өз сөзінде.

1 тоқсанның қорытындылары туралы айта отырып, Қор басшысы ковидтік бюджеттің негізгі сомасы коронавируспен күресте жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге қарастырылғанына назар аударды.

Болат Төкежановтың деректері бойынша, қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд теңге сомасында үстемеақы, ақпанда 51,7 мың медицина қызметкері 13,8 млрд.теңге сомасында үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрайды. Осы үстемеақылардың арқасында инфекциялық стационарлардағы кейбір санаттағы дәрігерлердің жалақысы 1 млн теңгеге жетті.

5 топик

Қор халықтан денсаулық сақтау мәселелері бойынша 250 мың өтінішті қабылдап, өңдеді – ӘМСҚ басшысы

«Қорға халықтан сұрақтар мен шағымдар түсуді жалғастыруда. 1406 колл - орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram қосымшасындағы Saqtandyry-Bot сияқты Қордың ресми кері байланыс арналары, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрінің блогы мен Денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы 250 мыңнан астам өтініш келіп түсті», - деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ӘМСҚ басшысы Болат Төкежанов хабарлады.

Ол түсіндірулер мен консультацияларды талап ететін мәселелер бұрынғысынша басым екенін нақтылады - бұл 233 мың өтініш. Бұл ретте халықтың Қордың жеткізуші медициналық ұйымдарындағы көмектің сапасы мен қолжетімділігіне шағым беру үрдісі сақталуда.

2021 жылдың 1 тоқсанында халықтан барлығы 2475 шағым түсті. ТОП-5 шағым медициналық көмек көрсетуден бас тарту (35,7%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы (20,3%), ақылы негізде ТМККК және МӘМС кіретін қызметтерді алуға жолдау (10,7%), ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау (10,6%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (8,5%) мәселелерін құрайды.

«Қор тарапынан медицина қызметкерлері үшін оқыту онлайн семинарларын өткізу, олардың білімін өлшеу арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша жұмысты арттыруға жеткізушілермен өзара іс-қимыл және ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Өңірлер деңгейінде денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, оларды кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу қажет», - деп атап өтті Болат Төкежанов.

Сонымен қатар, ӘМСҚ басшысының пікірінше, пациенттер денсаулық сақтау қызметтеріне аса талап қоя бастады және МӘМС жүйесіне көбірек тартылды, бұған сақтандырылғандар мәртебесінде медициналық көмек алуға қатысты мәселелер мен өтініштер санының өсуі дәлел.

Алайда, Қор басшысының пікірінше, медициналық ұйымдардың өзінде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жолға қою, өзінің бекітілген халқының мұқтаждықтарына жауапкершілікпен қарауы қажет.

Бүгінгі таңда пациенттер өз медициналық ұйымдарында тиесілі көмек ала алмағандықтан Қорға, Денсаулық сақтау министрлігіне немесе Денсаулық сақтау басқармасына жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғауды іздеуге мәжбүр.

6 топик

Б. Төкежанов: Қор нақты көрсетілмеген 3,8 мың қызметті анықтады

Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшылары 203,6 мың ақауларды анықтады, айыппұлдарды есепке алғанда 3,5 млрд теңге сомасын құрады, деп мәлімдеді брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов.

Анықталған ақаулардың ішінде 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдай жалған есеп деп аталатын көрсетілмеген қызметтерді құрайды.

Сондай – ақ, Болат Төкежанов медициналық ұйымдардың проактивті мониторингі жаңа енгізілімі туралы айтып берді. Енді ақау анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюы керек. Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда айыппұлдар көзделген.

«Бұл жаңа енгізілім медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым - қатынас жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Төкежанов.

1 тоқсанда 321 медициналық ұйымда проактивті мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталған Қор сарапшыларының негізгі ескертулері: ақпараттық жүйелерде құжаттаманың дұрыс жүргізілмеуі, диагностика мен емдеу стандарттарынан ауытқу, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін кадрлардың жинақталмауы және медициналық техниканың толық жабдықталмауы.

«Жалпы, 610 млн теңгені құрайтын 61 362 әлеуетті ақауы анықталды. Алғашқы тәжірибе медициналық ұйымдар үшін жағдайды түзетуге және одан әрі ақаулардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті, ақауларды жасырудың «қатал» тәжірибесі жойылды, бұл ақаулардың себептерін талдауға, анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермей жүргендігі анықталды. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаудың тек 10,4 мың ақауы бойынша медициналық ұйымдарға айыппұл салынды», - деп атап өтті Төкежанов

7 топик

Бірінші тоқсанда 526 ЭКҰ қызметі көрсетілді - Төкежанов

2021 жылы медициналық сақтандыру Қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгені құрайтын 7000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті. Бұл туралы ӘМСҚ басқарма Төрағасы Болат Төкежанов ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді.

Биыл экстракорпоральды ұрықтандырудың 526 процедурасы орындалды. Мәселен, өткен жылы 1-тоқсанда барлығы 59 ЭКҰ жасалған.

2021 жылдың басынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасы аясында 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 циклды және 2019 жылы да дәл осы көлемді қаржыландырған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны жүргізу нәтижесі 45-60% жетеді. ЭКҰ жүргізу тиімділігі біздің елімізде орта есеппен 15%-дан 42% -ға дейін өсті. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30% деңгейінде, бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.

ЭКҰ кімдерге арналған? Ең басты аталған процедура терапевтік жолмен емдеуге келмейтін бедеулік диагнозы қойылғандарға арналған. ЭКО-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек.

Сонымен қатар Қазақстан азаматы болуы және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет – бұл репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін), қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв.

Науқасқа ұрықтандырудан бас тарту бірнеше жағдайда әсер етуі мүмкін: жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализацияның онкологиясы.

ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Ұйым мамандары пациентті бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тіркеліміне қосады және бірқатар тексерулер тағайындайды. 12 ай ішінде МСАК ұйымы бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған жағдайда, әйел «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркеліп, рәсімге дайындала бастайды. Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы.

Айта кету керек, жылына бір рет МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады. МӘМС жүйесінде ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Еліміздің 8 өңірінен 19 медициналық ұйым ҚР-да ЭКҰ қызметтерін жеткізушілер болып табылады, олардың ішінде жеке меншігі -18.

ЭКҰ жүргізу қағидалары және ілеспе іс-шаралар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығында жарияланған.

Топик 8

Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 132 млрд теңге жоспарланған – Төкежанов

Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға дейін және орта медициналық қызметкерлердің жалақысын 20%-ға дейін арттыруға 132 млрд теңге бөлінді, деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

Жалақыны арттыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының жеткізушілерінің медициналық қызметтерге ақы төлеу тарифтерінде көзделген.

Қазіргі уақытта еліміздегі дәрігерлер саны 76 мың штаттық бірлікті құрайды, оның 32 мыңы-бейінді мамандар.

Медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге дейін арттыру көзделген.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті, дәрігерлерге 30%-ға, орта медицина қызметкерлеріне 20%- ға ұлғайды.

Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 210 мың теңгені құрайды.

«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі»

13.05.2021
Қараулар: 1981
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы